О, Алыпсоқ, білесің бе, қалды қанша ғұмырың – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «О, Алыпсоқ, білесің бе, қалды қанша ғұмырың» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

О, Алыпсоқ, білесің бе, қалды қанша ғұмырың,
Мойынында темір шынжыр, түні бойы ұлыдың.
Тұнып тұрған тыныштықтың тереңінен сыр тартып,
Мен де отырмын, тозса дағы, «тозбады, деп, жұлыным».
Азаптанып, аласұрып, босамадың жарты адым,
Жүрегінде жатыр екен, қанша қайғы, қанша мұң.
Сен тілесең еркіндікті, ерен ойды мен тілеп,
Дана сөздің дариясын кешемін деп шаршадым.
Қараңғы түн, қаптаған ой, қалай жаның тыншымақ,
Сыртқа шықсам, тұр екенсің көкке қарап қыңсылап.
Сен иеңнен ала алмасаң мына таңға кеңшілік,
Мен киемнен ала алмадым жарты шумақ жыр сұрап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

О, Алыпсоқ, білесің бе, қалды қанша ғұмырың өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

О, Алыпсоқ, білесің бе, қалды қанша ғұмырың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

О, Алыпсоқ, білесің бе, қалды қанша ғұмырың өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жарылқасын Аманұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

О, Алыпсоқ, білесің бе, қалды қанша ғұмырың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері