Алаңдайды көңілім, алаңдайды – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Алаңдайды көңілім, алаңдайды» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Алаңдайды көңілім, алаңдайды,
Елде қалған еңкейген анам жайлы.
Бұғанасы қатпаған балам жайлы,
Әлде қандай күйде деп қорыққан кезде,
Қызыл тілі қорқаудың жалаңдайды.
Жіпсіз матап тастайтын төсегіне,
Жетпістің ілікті анам жетегіңе.
Қарттық кімді зар етпес кешегіге,
Немересі о да жүр жеті жасар,
Ойнақтаған оралып етегіне.
Отын керек, су керек, соғым керек,
Қытымыр қыс тұра ма жоғыңды елеп.
Қытымырға қыртысты қоңың керек,
Жылы-жұмсақ анаға майлы аспенен,
Жылы-жұмсақ балаңа қолың керек.
Көнбейді анам, кел десем астанаға,
У-шуынан қаланың жасқана ма?
Қарайлай ма қатарлас басқаларға?
«Әкең марқұм рухы жалғызсырар,
Әруақты етпе деп босқа нала».
Мақтаныш та, мұң да бар шарасында,
Анам отыр ағайын арасында.
Туып өскен өзінің Таласында,
Алабұртқан көңілі бірақ, бірақ,
Бізбен бірге Алматы қаласында.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алаңдайды көңілім, алаңдайды өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Алаңдайды көңілім, алаңдайды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алаңдайды көңілім, алаңдайды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жарылқасын Аманұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алаңдайды көңілім, алаңдайды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері