Қайда деп сұрамадым – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Қайда деп сұрамадым» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Қайда деп сұрамадым қаламақым,
Онсыз да адаммын нан таба алатын.
Қондырған айдынына Аққу жырды,
Кезі бұл кербездене таранатын.
Шаттанып шалқар көлі-айдынына,
Шарласын бірде батып қайғы-мұңға.
Көрсетіп сәні менен салтанатын,
Көрсетсін ерке-назды айбынын да.
Есіліп, сыңғыр қағып қанаттары,
Естілсін сыңсып салған алапқа әні.
Елітіп, елжіретсін тас жүрегін,
Тасада тұрса біреу оқ атқалы.
Арманға толы Аққу көкірегі,
Үркітіп кейде толқын өкіреді.
Айдыны аймалаған ақ төсіне,
Еркелеп ақ шабақтар секіреді.
Үркітпе Аққу жырды, қаламдасым,
Қадірсіз көрінсе де саған басым.
Шым батып шыңырауға кетем бір күн,
Соңғы Аққу сыңсып жылап таранғасын.
Соңғы Аққу сыры қандай, жыры қандай,
Ол сыңсып өтер мәңгі тыным алмай.
Жұмыр жер бетіндегі жұмырбасты,
Адамның түсінгенше бірі қалмай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қайда деп сұрамадым өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Қайда деп сұрамадым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қайда деп сұрамадым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жарылқасын Аманұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қайда деп сұрамадым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері