Қажымұханды

Бұл бетте «Қажымұханды» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.02.2021
  • 0
  • 1
  • 892
Қажымұханды
Елестетер қабағың,
Қандай жақсы
Болғаны алда
Ағаның.
Қалжыраған кездерімде қан жұтып,
Сенен ғана бір шарапат
Табамын.
Қасен ағам,
Күркіреген күндейсің,
Ашу буса көзге ешкімді
Ілмейсің.
Бұрқ-сарқ етіп Ақсуымдай тасисың,
Аяқ асты бұзылатын
Нілдейсің.
Мінезің-ай,
Батыр мінез бітпеген,
Қасақана мән бермеймін түкке мен.
Жеңгем жасап,
Ылдым-жылдым дастархан,
Шәй ұсынар қаймақ қатып, сүтпенен.
Тәтем салған әуелетіп ән қандай,
Кете алмайды тыңдаған жан
Таңданбай.
Қарлығаштай жеңгем жүрсе төріңде,
Сіздің үйде шолпан жұлдыз
Жанғандай.
Қажымұханды
Елестетер қабағың,
Қандай жақсы болғаны алда
Ағаның.
Сағынамын Сарыарқадай сарғайып,
Ұшар едім, жоқтығы әттең шаманың.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қажымұханды өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Қажымұханды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қажымұханды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қажымұханды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері