Жағам деме маған қара күйені – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Жағам деме маған қара күйені» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жағам деме маған қара күйені,
Құста – аққу, адамда – ақын киелі.
Аққу исе айдын көлге мойынын,
Ақын басын тек халқына иеді.
Атқан оғым деме маған тиеді.
Адамда – ақын, құста – аққу киелі.
Айдын көлін Аққу сүйсе, Ақынның,
Халқы ғана – сүйенері, сүйері.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері