Балаларға арман ба, бала шағы – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Балаларға арман ба, бала шағы» атты Жарылқасын Аманұлы жазған бала туралы өлең берілген.

Балаларға арман ба, бала шағы,
Оларға арман алдағы болашағы.
Болашағы қарттардың қалтыратып,
Қам көңілі қайғыға жол ашады.
Жастар тасып, өмірге сыя алмайды,
Қарттар жасып, өмірін қия алмайды.
Қатарласы бірінің қаза болса,
«Жалған-ай» деп көз жасын тыя алмайды.
Нұры тайған жанардың ауыр жасы,
Ауылдасы жоқ енді, бауырласы.
Жүре берші қарайып жер бетінде,
Ауырмашы, қарттарым, ауырмашы.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері