Ой дегеннің бәрі бірдей ой емес – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Ой дегеннің бәрі бірдей ой емес» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ой дегеннің бәрі бірдей ой емес,
Ойлардың да ойлары бар жемісті.
Той дегеннің бәрі бірдей той емес,
Тойлардың да тойлары бар келісті.
Тұяқтының бәрі бірдей тұлпар ма?
Тұлпарды да таны мыңның іщінен.
Қанаттының бәрі бірдей сұнқар ма,
Сұнқарды да айыра біл түсінен.
Жігіттердің бәрі бірдей демегін,
Жігіттер бар өткірлігі алдаспан.
Тас біткеннің бәрі бірдей демегін,
Кейбір тасың берік тіпті алмастан.
Бір тәуліктің күндізі бар, түні бар,
Түні болмай, күні оның шықпайды.
Мінсіз деген нәрсенің де міні бар,
Кейбір жандар осыны да ұқпайды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ой дегеннің бәрі бірдей ой емес өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Ой дегеннің бәрі бірдей ой емес өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ой дегеннің бәрі бірдей ой емес өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жарылқасын Аманұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ой дегеннің бәрі бірдей ой емес өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері