Өлең, жыр, ақындар

Жанбота, осы ма еді өлген жерің

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

«Жанбота, осы ма еді өлген жерің,
Көкшетау боқтығына көмген жерің?
Кісісін бір болыстың біреу сабап,
Бар ма еді статьяда көрген жерің?»
(Біржан сал)

Көкшетау, келбетіңе тамсанамын,
Жабықсам – сен екенсің жан самалым.
Біржандай айтулы әншің болмасам да,
Ашынып мен де кейде ән саламын.
Біржанды халқы сүйген еркелетіп,
Қойған кім поштабайға желкелетіп?
Есерсоқ ел еркесін қорлар ма еді,
Жаны ашып Жанбота егер келсе жетіп.
Талатып төбеттерге жақсыларын,
Қазақтың жын ұрған ба басшыларын.
Кетеді аза бойым, қаза болып,
Естісем өткен күндер ащы зарын.
Тыңдаймын Біржан әнін жылап тұрып,
Болмапты бақытында тұрақтылық.
Пір тұтқан біздер Біржан домбырасын,
Тастапты бір ақымақ лақтырып.
Опасыз дүниеге күйінгенде,
Лапылдар тозақ оты үйіңнен де.
Кетіпті ел аралап Біржан ақын,
Безініп болыстан да, биіңнен де.
«Қойғын деп салдықты да, серілікті», –
Жиылып ессіз туыс еліріпті.
Елтіген сезіміне қайран ақын,
Жынды боп көздеріне көрініпті.
Кес-кестеп қайда барса жүрер жолын,
Шырмапты шырғалаңмен оңы, солын.
Дұшпанның сөзіне еріп елірген топ,
Тастапты байлап-матап аяқ-қолын.
Шеше алмай аяқ-қолын бунақтаған,
Өртеніп өр кеудеде тулапты арман.
Әнге салып ауық-ауық көз жасымен,
Таңдайын жібітіпті құрғап қалған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жанбота, осы ма еді өлген жерің өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Жанбота, осы ма еді өлген жерің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Жанбота, осы ма еді өлген жерің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жарылқасын Аманұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жанбота, осы ма еді өлген жерің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері