Жаз көңіл – Қасым Аманжолов

Бұл бетте «Жаз көңіл» атты Қасым Аманжолов жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 03.02.2016
  • 0
  • 1
  • 10245
Жаз көңіл жарқылдаған бұл бір шағым,
Жаныма дарытпаймын дүние шаңын.
Әніммен қарсы аламын әрбір күнді,
Жайғандай ерке нәзік жар құшағын.
Жаз көңіл жігіт болдық той бастаған,
Құрбыға зейіні бар ой тастаған.
Жас өмір жайлауында шіркін көңіл
Бәйгіден күнде келіп ойқастаған.
Желпимін жанымды бір осындайда,
Үңілер жүрегіме досым қайда?
Кездесіп көңілімнің күнгейінде,
Әніме асыл құрбым қосылмай ма?!


Пікірлер (1)

Ерлан

Шешеннен мылқау озған тіл байланып... өлеңі керек

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаз көңіл өлеңінің авторы кім?

Қасым Аманжолов — осы өлеңнің авторы.

Жаз көңіл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жаз көңіл өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жаз көңіл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері