Күліп тұрған дүние – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Күліп тұрған дүние» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Күліп тұрған дүние жылап қалып,
Асқақтаған арманым құлап қалып.
Көріне алмай көзіне көптің енді,
Отырдым мен жылыстай жырақ барып.
Жыртық-жыртық жүректен жыр ақтарып,
Көк тас болып қатқан шер көмейдегі,
Тарқатылды жанардан бұлақтанып.
Ашылғандай күн көзі ашылдым-ау,
Сіркіреген жаңбыр ма жасым мынау?
Шүкіршілік етпестен өткен іске,
Берекемді несіне қашырдым-ау.
Күйректікке құрығыр көп беріліп,
Ағарып та кетіпті шашым мынау.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері