Әсет Бейсеуовке

Бұл бетте «Әсет Бейсеуовке» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

(Қабір басында туған өлең)

Ажалға айла бар ма деп,
Мен өлсем өлең арна деп.
Қалжың ба, шын ба көп айттың,
Топырақ салмай қалма деп.
Өлеңім болды-ау азалы,
Кім көрді мұндай қазаны.
Жарыңмен қоса қат-қабат,
Тәңірдің жетті ажалы.
Жатырсың суық табытта,
Халқымның абзал сабазы.
Пейілің сүттей таза еді,
Көңілің шуақ жаз еді.
Еншісі ортақ ел үшін,
Бұл неткен ауыр қаза еді,
Бұл неткен ауыр аза еді.
Кеудеме өксік тығылып,
Жер тіреп тұрып жығылып,
Кеп тұрмын бақылдасуға,
Арманда кеткен мұңылық,
Арманда кеткен мұңылық.
Бір жылғы туған төл едік,
Бір жүрдік гүлдей құбылып.
Келмеске кетіп барасың,
Қарамай артқа бұрылып.
Көзімнің жасын тыя алмай,
Астына аспан сыя алмай.
Кеп тұрмын сенің басыңа,
Денеңді жерге қия алмай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әсет Бейсеуовке өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Әсет Бейсеуовке өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әсет Бейсеуовке өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жарылқасын Аманұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әсет Бейсеуовке өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері