Құл болмайды ер жігіт

Бұл бетте «Құл болмайды ер жігіт» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ешқашан қатынға еркек құл болмайды,
Құл болса елін қорғар ұл болмайды.
Қатынына құл болған ер кіндікте,
Қарабақыр құнындай құн болмайды.
Ақылды әйел күйеуін «пірім» дейді,
Пірі әйелін «періштем, гүлім» дейді.
Жары адалдың шайқалып шаңырағы
Бүлінбейді, түңлігі тілінбейді.
Тектіден ұл туады текті болып,
Құлдан құл, қудан туар епті болып.
Ешқашан күңей менен құл-құтаннан
Тумас ұл өтті болып, бетті болып.
Өзіңнің қабырғаңнан жаратылған,
Жұбайың – жан ашырың дара тұлғаң.
Құл мен күң бір-біріңді санасаңдар
Айырылдың сыйластықтан, жарасымнан,
Айырылдың адамдық көз қарасыңнан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құл болмайды ер жігіт өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Құл болмайды ер жігіт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құл болмайды ер жігіт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жарылқасын Аманұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құл болмайды ер жігіт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері