Япырмай – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Япырмай» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Япырмай, жетпіс жасқа кеп қалдым ба?
Талай көш көз ұшында кетті алдымда.
Біртіндеп көкжиекке сіңіп жатыр,
Жетуге көкжиекке көп қалды ма?
Көштен-көш көкжиекке сіңіп жатыр,
Кімді-кім, беу дүние-ай, біліп жатыр.
Шыққандар бұл фәнидің есігінен,
Бақидың бесігінде шіріп жатыр.
Кімді-кім, беу дүние-ай, біліп жатыр,
Біреу жылап, біреулер күліп жатыр.
Өзегі талып аштан жатса біреу,
Біреу ат, біреу таққа мініп жатыр.
Бұл фәни болжата ма келер күнін,
Кім білер басқа қатер төнер күнін.
Қызығы қалмас еді бұл жалғанның,
Білсе адам сөнер күнін, өлер күнін.
Мен де жетіп қалыппын жетпісіңе,
Жетпіс жас оңай тимес көп кісіге.
Жалыны жүз жаста да сөнбес бірақ,
Адамның сүйегі асыл тектісінде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Япырмай өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Япырмай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Япырмай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жарылқасын Аманұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Япырмай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері