Қаздай қалқып қаңқылдап күндер өтті – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Қаздай қалқып қаңқылдап күндер өтті» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Қаздай қалқып қаңқылдап күндер өтті,
Күндер өтті, тербеумен түндер өтті.
Жауқазыным, жалыным, жастық отым,
Жастық отым жарқылдап бірге кетті.
Қаз оралар, оралмас өткен күндер,
Өткен күндер оралмас, өткен түндер.
Сарғайды ма кім білсін жапырағың,
Сезімімді шық етіп төккен гүлдер.
Жаңғырады бұл өмір жаңарады,
Сақалың да, шашың да ағарады.
«Жалған-ай» деп толғанған ақындардың,
Жыры менен артында қалады әні.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қаздай қалқып қаңқылдап күндер өтті өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Қаздай қалқып қаңқылдап күндер өтті өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қаздай қалқып қаңқылдап күндер өтті өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жарылқасын Аманұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қаздай қалқып қаңқылдап күндер өтті өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері