Алдыңнан Алла жарылқағай – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Алдыңнан Алла жарылқағай» атты Жарылқасын Аманұлы жазған діни тақырыптағы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Өліміңе өкіндім, өзегіме шоқ түсті,
Кірпіктегі көз жасым қызыл, жасыл от түсті.
Алты қарыс азулы Төле бидің ұрпағы,
Тоқпанұлы Ас-аға ажал атты оққа ұшты.
Райына қарамай бір Алладан басқаның,
Бетіне айттың шындықты, қорықпадың да саспадың.
Таяғыңды үйірдің топастардың басына,
Тастаса да төбеңе тіреп тұрған аспанын.
Топырағым бір еді жаратылған Сізбенен,
Сіздей шыншыл ағаны армандап ем, іздеп ем.
Жайың болсын жаннаттан, қайғым қара бұлттай,
Өңім түстес бұл күні тұнжыраған күзбенен.
Найзағайдай шарт етіп, жайдай тіліп жарқ етіп,
«Бақұл бол» деп қоштаспай кеттің аға бізбенен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алдыңнан Алла жарылқағай өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Алдыңнан Алла жарылқағай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алдыңнан Алла жарылқағай өлеңі не туралы?

Бұл шығарма діни тақырыптағы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Алдыңнан Алла жарылқағай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері