Тотанов Сатыбалдының 80 жасқа толуына арнау

Бұл бетте «Тотанов Сатыбалдының 80 жасқа толуына арнау» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Халқымыздың қалаулы ұлдарының бірі, ардақты аға Тотанов Сатыбалдының 80 жасқа толуына арнау

Жалғандыққа жарты қадам баспайтын,
Жалған сөзге жалған жақ та ашпайтын.
Сәке, сіздей азамат аз қазақ та,
Аспайтын да, саспайтын да таспайтын.
Өзгелердей өрекпімей мақтанып,
Қыран құстай тұғырдағы баптанып.
Өткен өмір шежіресін шертесіз,
Сыйластарға сырыңызды ақтарып.
Дәкең берген дәмді бойға сіңіріп,
Гүлзар бақта таза ауаны сіміріп.
Ғалыммен де,залыммен де сөйлесіп,
Жасамайсыз жасандылық, ірілік.
Обкомда да хатшы бопсыз, оңай ма,
Кім көрінген – Обкомға онда жолай ма?
Дәмдес болып талай рет ел жайлы,
Ой салыпсыз Дінмұхамед Қонайға.
Сексен таудың сеңгіріне шықтыңыз,
Ғалам сырын, адам сырын ұқтыңыз.
Талай тарлан тұрмай жатыр төсекте,
Бір өзіңіз мақтан тұтар мықтымыз.
Не бір жандар жүзден жүйткіп өтіпті,
Тісі шығып, жақтары да бекіпті.
Тоқсан, жүзден, Сәке, еркін асыңыз,
Құртқа тәуіп жүз қырыққа жетіпті.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тотанов Сатыбалдының 80 жасқа толуына арнау өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Тотанов Сатыбалдының 80 жасқа толуына арнау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тотанов Сатыбалдының 80 жасқа толуына арнау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жарылқасын Аманұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тотанов Сатыбалдының 80 жасқа толуына арнау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері