Өлең, жыр, ақындар

Жоқ деме

  • admin
  • 08.01.2024
  • 0
  • 0
  • 789
Жоқ болса да «бар» дегін, бар дегендер оңалар,
Бар боп тұрып «жоқ» деме, жоқ дегендер жоғалар.
Кім келсе де түнермей тұз-дәміңді татырғын,
Түгі де жоқ, үні жоқ обалар мен молалар.
Байғыз ғана мекендер оба менен молада,
Оған ешкім келмейді түстікке де, қонаға.
Кім келсе де түнермей түрегеліп қарсы алғын,
Хан да, қара, бәрі адам, алалаған оңа ма.
Қарайласқан кемтарға, ер көгерер алғыспен,
Мұратына жеткен кім, қиянат пен қарғыспен?
Жазықсызды жылатып, зәбірлеме жандыны,
Мейірімінді бөліскін адам түгіл аң-құспен.
Жасар болсаң жақсылық, жаның нұрға бөленер,
Жасай көрме жамандық, жазасы улы жебелер.
Он сегіз мың ғаламды тепе-теңдік сақтап тұр,
Сен біреуді жылатсаң, жыларыңа сене бер.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өресі биік жартас ем, өсекшілерден үгілдім

  • 0
  • 0

Өресі биік жартас ем, өсекшілерден үгілдім,
Қайғысын қара халықтың көтере алмай бүгілдім.
Адамдар түгіл аңды да дос етпек едім тіл тапсам,
Есеппен ғана дос болған есерсоқтардан түңілдім.

Толық

Дауылпаз көкте саңқылдап

  • 0
  • 0

Дауылпаз көкте саңқылдап,
Туласа толқын теңізде.
Жанарың мұңлы жарқылдап,
Жанымның оты, мені ізде.

Толық

Бір-бірінің қазанын сапырысып

  • 0
  • 0

Бір-бірінің қазанын сапырысып,
Бірін-бірі жататын шақырысып.
Кетсем бе екен ауылға көктем шыға,
Қайтатұғын біраз күн қатық ішіп.

Толық

Қарап көріңіз