Адамшылық
Бұл бетте «Адамшылық» атты Шәкәрім Құдайбердіұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Кісіге адамшылық неге керек?
Адамдық – өзге айуаннан артық демек!
Ит талаған төбеттен қалай дейсің,
Аямай әл келгенін жұлып жемек.
Мейірімсіз қасқырда да күшті өмір бар,
Артылған жерің қайсы онан бөлек?
Үнемі сен жеріңді қайдан білдің?
Бұл дүние кезек берер істі өңгелеп.
Онан қорқып, обырлық қоймасаң да,
Адам боп, хайуаннан болсаңшы ерек!
Жалмағанша, жәрдемің тигізсеңші,
Жығылған, жылағанға болып көмек.
Мархаматты теріс деп кім айтады,
«Адамшылық – сол» дейді тамам зерек.
«Мейірім – жақсы, зұлымдық – жаман» дейсің,
Қасқырлыққа қайтесін құр дөңгелеп.
Жаны ашып жәрдем қылмай өткен адам –
Өсіп, өшіп құлаған бір бәйтерек.
Маған Ш.Құдайбердіұлының адамшылық өлеңі қатты керек болып еді рахмет
Рахмет сіздерге
жақсы екен
Өте күшті өлеңдер
Бұл өлеңдер келешек ұрпақ үшін керек
Керемет, ғибрат аласың
ӨТЕ КҮШТІ ӨЛЕҢДЕР ЕКЕН
Мыхты
оте керемет
Оте жаксы тарбиелык маны келешек урпакка жаксы улгы
Осы өлең арқылы ой өрісімді дамытам рақмет сіздерге!
Маған жаттауға керек болды рахмет!
Маган катты унады рахмет❤️
Шәкәрім Құдайбердіұлының "Адамшылық" өлеңі – қазақ әдебиетіндегі адамгершілік тақырыбының ең терең үлгілерінің бірі. Ақын адамды хайуаннан ажырататын нәрсе – мейірім мен жәрдем екенін айқын көрсетеді.