Әлемнің алып есігін айқара ашып келіппін – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Әлемнің алып есігін айқара ашып келіппін» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Әлемнің алып есігін айқара ашып келіппін
Келіппін саған, дүние,
Келгім де, бәлкім, жоқ па екен, шар ете түстім қорыққаннан
Қабағым тастай түйіле.
Шырылдап бәлкім жаттым ба келгенде саған күйіне,
Түстім-ау деп тағдырдың талқысы мен иіне.
Шырылдап бәлкім жаттым ба келгенде саған сүйіне,
Келдім деп саған, келдім деп дариға дархан дүние.
Жап-жарық екен төңірек, нұрлы екен жүзі көктің де,
Ынтызар еттің еріксіз соңыңнан мені ерттің де.
Көбелек қуып, гүл теріп, кер дала төсін шарладым,
Маужырап тұрған дүние-ай, көркіңе сенің елттім де.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әлемнің алып есігін айқара ашып келіппін өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Әлемнің алып есігін айқара ашып келіппін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әлемнің алып есігін айқара ашып келіппін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жарылқасын Аманұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әлемнің алып есігін айқара ашып келіппін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері