Жалғызы едім

Бұл бетте «Жалғызы едім» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жалғызы болдым иманды ата-ананың,
Құлыны болдым жусанды жұпар даланың,
Жалбызы болдым бұлбұлды бұлақ жағаның.
Бұла боп өстім, бұғалық түспей мойныма,
Оранып ерке даланың сағым, самалын.
Өмірде тіптен жамандық барын білмедім,
Алаңсыз өтті күндерім менен түндерім.
Көрмедім ешбір үйлерді есік құлыптап,
Ішінен салып қойғанын, түнде ілгегін.
Атамның күйін тыңдадым, әнін әжемнің,
Жетектеп алып жүргендеріне мәз едім.
Ес білген шақтан сіңіріп өстім жүрекке,
Халқымның ғұрпын, салты мен дәстүр, әдебін.
Көктем деп көктем көкектер ерте келетін,
Көкек деп көкек әр жерден жемін теретін.
Даладан ошақ қазылып, қазан асылып,
Қаз-қатар үйлер наурыз көжесін беретін.
Дүркірей шапқан қозы-лақ соңынан еретін,
Қолыңды созсаң, саусақтарыңды еметін.
Қарайған жанға кейбірі қарап маңырап,
Іздейтін еді өрісте жүрген енесін.
Тартылып желі құлындар түгел байланып,
Биелер кетпей жүретін желі айналып.
Тайларды ұстап жігіттер күзеп шетінен,
Кезекте-кезек жататын қайшы қайралып.
Сіміріп саумал көпіріп тұрған көбігі,
Құлын болып айнала шаптым желіні,
Айғыр да болып азынап жерді тарпушы ем,
Таптамақ болып үйірге шапқан бөріні.
Па, шіркін, қайда балауса шағым, бал шағым,
Қап-қара батпақ шылаулы ойдан шаршадым.
Көгілдір аспан көз жетпес далам, туған жер,
Дауылыңды да сенің, жауыныңды да сенің аңсадым
Шалқар сағынышымды шерте де, шерте
Шертпе күйменен тарқадым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жалғызы едім өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Жалғызы едім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жалғызы едім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жарылқасын Аманұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жалғызы едім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері