Итімнің аты – Бодаухан Тоқанұлы

Бұл бетте «Итімнің аты» атты Бодаухан Тоқанұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Кең даламның мол әлі,
Қасқыр, түлкі, қояны,
Оны ұстайтын итімнің,
Атын атам қояды. 
Атам жақсы біледі,
Ырым, жосын-жораны,
Атына сай сол иттер,
Күзетеді қораны. 
Тап бергенде қасқырға,
Қалмасын деп астында, 
«Алыпсоқ» деп ат беріп, 
Қоралы қой баққызған. 
Малшыға серік, қолғанат,
Екінші итім «Дөңгежат»
Алыстан көрсін аңды деп,
Атам менің берген ат. 
Үшінші итім «Бөрібасар»,
Болған емес аңға осал, 
Құмай тазым бөрінің,
Таңынан тартып жармасар. 
Төртінші итім – «Қорықпас»
Түлкі қуған, бөрі ұстап,
Мал түлігін қорғайды,
Ағайынның қоныстас. 
Бесінші итім – «Жолдыаяқ»
Бұғып қалмас қорғалап,
Байлауда тұрса ширығар,
Саят тілеп, жол қарап. 
Алтыншы итім – «Саққұлақ»
Аты шыққан қасқыр ап,
«Кә, кә» десең қыраттан,
Келеді жетіп шақпылып..
Қасқырменен арбасқан,
Қабанға да жармасқан,
Артық ит жоқ ауылда,
Жетінші итім «Таймастан».


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Итімнің аты өлеңінің авторы кім?

Бодаухан Тоқанұлы — осы өлеңнің авторы.

Итімнің аты өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Итімнің аты өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Бодаухан Тоқанұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Итімнің аты өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері