Кефир мен айран – Бодаухан Тоқанұлы

Бұл бетте «Кефир мен айран» атты Бодаухан Тоқанұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жазда бардық жайлауға,
Көрмесеңдер арманда. 
Көмектестік әженің,
Бұзауларын байлауға. 
Көрдім тірі сиырды,
Сиыр мұнын шүйірді, 
Әжем ұйтқан айраны, 
Дәмі тілді үйірді. 
Келер тіпті шайнағың,
Ұйытқан қатық айранын,
Болады екен бір елі,
Бетіндегі қаймағы. 
Інім тойды, кекірді, 
Тойымды екен, өтімді, 
Не екенін енді ұқты,
Дүкендегі «кефирдің» 
Құмартасың татуға,
Білмесең де басында, 
«Кефир» сұйық сүт екен,
Қатық айран қасында. 


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері