Спорт
Бұл бетте «Спорт» атты Бодаухан Тоқанұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 15.01.2024
- 0
- 0
- 2268
Допты тепсең тебе қой,
Болма бірақ сөдегей,
Күллі әлемге әйгілі,
Мбаппе бол, Пеле бол
Боксте бол Головкин,
Басқалардан бөлек тым,
Жұдырығы жұмыр тас,
Сермегенде қолы екпін.
Күндіз түні жатығып,
Қарсылысты лақтырып,
Балуан бол атаңдай,
Үшкемпіров Жақсылық.
Талабыңды ұштасаң,
Қарсыластан бұқпасаң,
Таэквондашы боласың,
Сен ағаңдай Мұстафа.
Қай спортқа бейімсің,
Өзіңді-өзің парлай біл,
Жүрегіңмен беріл шын,
Шуақ шашар алдан нұр.
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі