Бұл бетте «Алыстан хат» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
03.02.2016
0
1
5008
Сезсең кейде соққан жылы
Жаздың жанға жайлы лебін,
Жат көрме, ол аңсап сені
Ақырын менің алған демім.
Сыбырласса көк жапырақтар.
Тілдескендей қоңыр желмен -
Тыңда да сен, сыр алып қал
Сыбырлаушы онда да мен.
Терезеңнің әйнегінен
Ай қараса айдын көктен,
Мен де қарап тұрмын бірге
Ойлан, гүлім, ұйықтап кетпе.
асел
өте. жақсы. өлеңдер