Ұят-ай – Асылан Тілеген

Бұл бетте «Ұят-ай» атты Асылан Тілеген жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ұртында тұр құрт міне,
Ішіп отыр сүтті де.
Бауырсаққа қол созды,
Қысылмайды тіпті де.

Айраннан да бір жұртты,
Қазыны да қылғытты.
Бір уысын кәмпиттің,
Қалтасына сүңгітті.

Ойнай алмай секіріп,
Жүре де алмай не тұрып.
Көтере алмай қарынын,
Жатыр енді кекіріп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері