«П» әрпі бар сөз – Асылан Тілеген

Бұл бетте ««П» әрпі бар сөз» атты Асылан Тілеген жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Тұр мұғалім «күшінде»,
Сұрақ қояр кез келді:
– Айтыңдаршы, ішінде,
«П» әрпі бар сөздерді.

Қасым бірден тұрды ұшып,
Екпінділер, бізді аттай.
Сол жақ көзін бір қысып,
«Қазан», – деді міз бақпай.

– Қай жерінде «П»-сы бар?
– деп сұрауы сол еді.
Жөні жоқ-ау қысылар,
«Қақпағында» дегені.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері