Сен өзiң түрлi-түрлi-түрлi екенсiң

Бұл бетте «Сен өзiң түрлi-түрлi-түрлi екенсiң» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.06.2021
  • 0
  • 0
  • 1103
Сен өзiң түрлi-түрлi-түрлi екенсiң,
Мiнездi түрлi-түрлi кiм көтерсiн.
Ақынды ақылынан адастырып,
бiр күнi бұл күйiңмен жынды етерсiң.
Сен өзiң түрлi-түрлi-түрлi екенсiң.
Ұқсайсың бiрде көлге, бiрде шөлге,
Шөл мен Көл үйлесер ме, үндесер ме?
...Ауажайын алмауыттың аңғарушы ем
жалынан жайдақ тартып мiнбесем де...
Құлпымды дейтiндей-ақ ашпа, бұзба,
Жүрегiң жүрек емес, тас па, мұз ба?
Сабыры менен саяз сабаз болса,
Ғашық боп кетер ме едi басқа қызға?..
...Сен өзiң қили-қилы-қилы екенсiң,
Мiнездi қилы-қилы кiм көтерсiн.
Кемерiн толқын тепкен кеме едiм мен,
Бiр күнi жарға соғып күйретерсiң.
Сен өзiң қилы-қилы-қилы екенсiң...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сен өзiң түрлi-түрлi-түрлi екенсiң өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Сен өзiң түрлi-түрлi-түрлi екенсiң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сен өзiң түрлi-түрлi-түрлi екенсiң өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сен өзiң түрлi-түрлi-түрлi екенсiң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері