Сұрау белгісі – Омарғазы Айтанұлы

Бұл бетте «Сұрау белгісі» атты Омарғазы Айтанұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.11.2020
  • 0
  • 0
  • 2547
Жауып тұр қалың қар,
Айнала ақ түс.
О, тамаша торғайлар екен
Шашылып қонған бір уыс.
Көрінбейді бұтақтар
Қыстың түгі ғой ақ қылау.
Шытынап тұр.
Сынып кетер ме екен апырау!
Бір уыс шыбжық торғай
Қанша дейсің салмағы.
Шытынаса шытынасын,
Жіберер емес
Тұяқтарының қылдай қармағы.
Көрінбейді ақ бұтақтар
Қырау басқан.
Отыр бір уыс торғай қаңтардың
Суық алақаны шашқан.
Ойға баттым
Ақ қағаз ба, ақ дала ма?
Жазсам болар екен қандай жыр?
Торғайлар емес, енді менің алдымда
Сұрау белгісі –
Ылғи бір қарайған белгі тұр.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері