Жүлге – Омарғазы Айтанұлы

Бұл бетте «Жүлге» атты Омарғазы Айтанұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.11.2020
  • 0
  • 0
  • 992
Екі-ауыз сөз екен бұл дүние,
Біріншісін данішпандар айтып кетіпті.
Ендігі қалғаны – екіншісі.
Бірақ, оны да
Шайхы-дәруіштер тәркі етіпті.
Ішіп жіберейінші сол үшін
Бір бакал тарқап кетер ме екен, мысалы
Құмарпаздың ашуы.
Шарап емес, хасам,
Қайда иненің жасуы?
Бір ұшық жіп, ұшықталған
Шебердің сілекейімен,
Сол жіп – біз.
Тепшісең тепші
Бірақ бәрі де сол ескі жүлге –
Бәрі де сол баяғы ескі із.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері