Мұнай – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Мұнай» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 2676
Каспийдің күміс көбік толқынындай,
Бұрқанып жердің астын керней тулай,
Арналы алып Эмба шыңырауынан
Бұрқырап көкке шапшып шыққан мұнай.
Бұрғы сап жердің жетпіс қабатына,
Ағызған мұнайды ер қайратына
Сүйсініп, елім көкке шарықтаған
Күш беріп самолеттің қанатына.
Жайнаған біздің байтақ жер кенге бай,
Тең келер біздің елге ел бар қандай;
Қаныңдай елдің соққан жүрегінің
Шалықтап өмір көлі жатыр мұнай.

1949


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері