Күлкiсiнен өзiнiң, күлкiсiнен! –
Исраил Сапарбай
Бұл бетте «Күлкiсiнен өзiнiң, күлкiсiнен!» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Күлкiсiнен өзiнiң, күлкiсiнен!
Күн күмiс үн шашқандай бұлт iшiнен.
Көшiп кеткен көктемiм көз ұшынан
Қайта оралып келгендей жыл құсымен.
Жүрiсiнен өзiнiң майда-мəйiн,
Аққу көлде жүзгендей айнадайын.
Нəзiк, назды назымның нақышындай
Əуезiңнен, үнiңнен айналайын!
Аш белiнен өзiнiң үзiлмелi!
Жүрегiме жүк болды-ау жүзiң меңi...
Көлегейлер көзiңдi, кiрпiгiңнiң
ұзын легi –
сүрмелi,
сүзiлмелi.
Мiнезiнен өзiнiң жiбектейiн!
Тiл ұшында ерiген тiлек дейiн.
Қағып-қағып қалғанда қара қасын,
Түн түрiлiп,
шегiнер түнек кейiн.
Өндiр өңiн,
қия алмай желге iреңiн
неге сонша тесiлем, телмiремiн?
Жеңе алмақшы емеспiн өзiмдi-өзiм,
Не болмақшы жағдайым ендi менiң?..
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі