Алматыма айтарым – Нұрмұхан Жанұзақұлы

Бұл бетте «Алматыма айтарым» атты Нұрмұхан Жанұзақұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ата қалам алматым, аңсап жүріп мен келдім,
Еркіндікке, елдікке, жансап жүріп мен келдім.
Ата қала шаруасын шалқытайын деп келдім,
Қазақ иісін әлемге, аңқытайын деп келдім.

Жеті атамның жерінен, қуылған ер мен едім,
Жетпіс жеті ұрпағым, туылған жер сен едің.
Қазақ атын өзіңнен ұғынған ер мен едім,
Тәуелсіз ел болды деп, өзіңді іздеп келемін.

Жан сауғалап жат жұртқа, жосыған ер мен едім,
Торғайың болып шырылдап, шошыған ер мен едім.
Жат қолынан шаңырақ, оралғанда мекенге,
Қатарыңа қайтадан қосылған ер мен едім.

Егіз туған анадан, туысқаның мен болам.
Қалмақты ұрып қақпасқа, қуысқаның мен болам.
Тыныштықта ағайын, өкпелескен мен болам,
Жау жағадан алғанда, сертке жеткен мен болам.

Ата қалам Алматым, ғылым, білім ұясы,
Ала тауым әкемдей сусын беріп тұрасың.
Қазағымның қорғаны, ұлт біткеннің қормаллы,
Қамқор қала іздесе, Алматыны сұрасын.

Ала тауды жастанып, Ата қалам жатырсың,
Қасиетті қарт қалам, қазағын түгел шақырсын.
Алашшыл асыл ұлдарға, Алматы атам ақылсың,
Атағың кеткен жайылып, Алматы айбын батырсың!

Тілегім бар Алматым, берші маған төрт тілек,
Ана тілге аямай қойған екен өртті кеп.
Тіл, дін, дәстүр, топырақ бұл төртеуін корғайық,
Қорғай алмау төртеуін, ата жаудан дерттірек!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алматыма айтарым өлеңінің авторы кім?

Нұрмұхан Жанұзақұлы — осы өлеңнің авторы.

Алматыма айтарым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алматыма айтарым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұрмұхан Жанұзақұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алматыма айтарым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері