Халық керек – Нұрмұхан Жанұзақұлы

Бұл бетте «Халық керек» атты Нұрмұхан Жанұзақұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Халық керек ағайын, халық керек,
Халық деген – саялы алып терек.
Маңдайыңнан күн өтсе сапарыңда,
Саялауға сол терек анық керек.

Хан тағыңды қадама қара жерге,
Халық деген жасайды қара жерде.
Ақыл білсең, халықтың ішінде жүр,
Қызмет ет, міндағы қарагерге.

Халық керек балам ау, халық керек,
Халқың ұстаз, жүрегін жарып беред.
Халқың үшін арнасаң барлығыңды,
Халық саған өшпейтін тарих беред.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Халық керек өлеңінің авторы кім?

Нұрмұхан Жанұзақұлы — осы өлеңнің авторы.

Халық керек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Халық керек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұрмұхан Жанұзақұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Халық керек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері