Бұл бетте «Қағаз. Мен және таң» атты Оңайгүл Тұржан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Арман қуып жүр әлі бағы аздар да,
Тату таулар таңқалып араздарға.
Өлең болып көшеді біздің арман,
Сүйегі сықырлаған қағаздарға.
Жасытса да іштегі толған мұңым,
Ұмыттырмас Рухтар арландығын.
Қағаздар да ешқашан ұмытпайды,
Өзінің бір кезде ағаш болғандығын.
Мен қағазға, ал қағаз маған қарап,
Егіліп отырамыз жалаң қабат.
Сағыныштар сарғайтқан екі ортаға
Қара сия тамады қаламнан ақ.
Тіршіліктің базарын аралатқан,
Тағы аттың ба арайлап, саламат-Таң!
Мені тағы сен көрдің – өңім күліп,
Жандүнием егіліп бара жатқан.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі