Алматыға (Бірінші өлең) – Ажар Ерболған

Бұл бетте «Алматыға (Бірінші өлең)» атты Ажар Ерболған жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Бірінші өлең.

Ей, Алматы!
Сен жайлы айтса сенбеп едім мен бұрын.
Ол да ертең кетеді деп сенді кім.
Енді өзіңді тербете ме әнімен,
Сезім толы сол бір дауыс, сол бір үн.

Ей, Алматы!
Хат жазумен арнап жүрек ғазалын,
Саған ылғи ауа ма енді назарым.
Бүгін Оны сенен ғана қызғандым,
Өзіңе айтар, осы болды, наз-әнім.

Ей, Алматы!
Сезім барда бізде осылай үміт көп.
Алдамшы ғой жүргеніміз күліп тек.
Дүниенің бәрі сұлу ән болған,
айта көрме, шақтарды сол ұмыт деп.

Ей, Алматы!
Ендігіні білсе, білер бағымыз.
Сезім кешсек, сынбасыншы сағымыз.
Өзің жақта басталды ғой ұлы өмір.
...Біздің жақта тағы күз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алматыға (Бірінші өлең) өлеңінің авторы кім?

Ажар Ерболған — осы өлеңнің авторы.

Алматыға (Бірінші өлең) өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алматыға (Бірінші өлең) өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Алматыға (Бірінші өлең) өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері