Өлең, жыр, ақындар

Елім менің

Еліме басқа елді тең көрмедім,
Еліммен ең биікке мен өрледім.
Елімді сүйем, елге қызмет етемін,
Болашаққа құлаштап кең төрледім.

Елім үшін отқа түссем күймеймін,
Отанымнан басқа елді сүймеймін.
Махаббат жетпей жатса еліме,
Жүректегі жалындарды үрлеймін.

Құдыретіңе үңілсем жүрегіммен,
Бір байламға келемін, тірегім сен.
Көтеріліп, өсіп - өніп, өркендейбер,
Әрқашанда тілейтін тілегім сен.

Табиғаты көз алдыңнан кетпейді,
Айтуға сөз, оны жырлап жетпейді.
Еліммен, жеріммен мақтанамын,
Елім мені белестерге беттейді.

Өзің үшін тер төгем, дамытамын,
Сенімен құлшынады жаным,тәнім.
Менің алдымда мақсатым бар,
Елім сені әлемге танытамын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз