Белгісіз жан
Өмірдің тасқын көлін кешіп өттің ,
Теңізіне жолықпассың дер тілегім.
Шыдап бақ,тағы егер жолықтырсаң
Батып кетпе біреулерге сен қажетсің.
Алыстан көз тастаймын келбетіңе
Суықтығың тұра тұғын көздеріңде
Жүрегім жібіп салар,көрген сәтте
Уақытша сезім екенін білмеппінде.
Жауапсыз қалсын мейлі сұрақтарым,
Қаша бер,қаша түс,жанымда қалма жаным.
Тыныштығыңды бұзсам егер,айып етпе,
Түңіліп қарап,сыртыңнан,мен қаламын.
Көп мұңайма шешімі табылады,
Темекімен дос болма жүрегіңді тас қылады.
Ән күймен алданып жүре берем дейсің бе?
Бір күні өз жайына ол қалады.
Шумақтарың, қанша екен бүгінде?
Біреуге арнап,жазбассың деген үміт менде.
Саған арнап қаншама өлең шығарғанмын
Ал сен оның ешбірін білмессіңде.
- Ескен Елубаев
- Дмитрий Иванович Писарев
- Мишель де Монтень
- Платон
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі