Өлең, жыр, ақындар

Қазағым

Қазақ халқы ешкімге бағын баған,
Тарихта өшпес үлкен тұғыр болған.
Елім үшін жан беруге дайынмын,
Халқым, ыстық бауырым, қымбат маған.

Қазақтың әр арулары хор қызым,
Халқыма етемін әйдік тағызым.
Өлгенше қорғап өтем, сақтап өтем,
Бауырым, қазағым менің жалғызым.

Қазақ елін жүрген жерде мақтадым,
Дәстүр - салтын, әдет - ғұрпын сақтадым.
Осы кезге дейінгі уақытымда,
Қазағыма жетер елді таппадым.

Қазақты басқа ұлттан биік көрем,
Сенде ғана бақытты өмір сүрем.
Басқа ұлтта абыройды көтеріп,
Ол жерде өне бойды тіктеп жүрем.

Қазақстан, атамекен ақ тұрағым,
Мөлдіреп тасып жатқан ақ бұлағым.
Жеріңді, еліңді қастерлеймін,
Төрімдегі жайылған ақ құрағым.

Далаңды аялаймын, бақ құрамын,
Қалайда сезімімді ұқтырамын.
Тағылымды тіліңді дәріптеймін,
Өзің үшін жеріңде тік тұрамын.

Халқым сені қатты жақсы көремін,
Сенімен мен тек алдыға жүремін.
Бүкіл елге танытамын, дамытамын,
Сенде ғана асыл, сыйлы төремін.

Құлатпайтын, көтеретін тірегім,
Әрбір қазақ жанымдағы жүрегім.
Қазағым өте маған жақынсың,
Қайрат, жалын, бойымдағы жігерім.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз