...ға

Бұл бетте «...ға» атты Мағжан Жұмабаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Мейірімсіз тағдыр құрған торға түсіп,
Жапанда жатыр едік біз оққа ұшып,
Кеудеден таза ыстық қан сорғалап,
Қайрымсыз қара салқын жерді құшып;
Айрылып алтын ерік, ар-намыстан,
Қайрылмай қанат қағып бақ құсы ұшып,
Тас жүрек, көңілі қара жауыз жаудың
Қолынан құлдық, қорлық уын ішіп;
Жан таппай төңіректен жәрдем қылар,
Өмірден енді алдағы үміт кесіп,
Қайратты ер, сын-бәйгеге тігіп басың,
Сол кезде ауыр жолға қадам бастың –
Құтқарып келімсектен, тірілтпекке
Көз жетпес кең, бай Сібір сар даласын.
Ұмтылған ізгі жолда тілегіңе,
Түссе де темір шынжыр білегіңе,
Қасіретті, қара күнде жанды сүйген
Қонған жоқ кіршік таза жүрегіңе.
Сол жолда қайғы жұтқан бізді көрдің,
Бауырдай бірге туған қолың бердің –
Есіркеп, жаның ашып, жақын тартып,
Жазуға сыртқы, ішкі қалың шерден.
Баладай еркелеткен қолыңа алдың,
Жұбаттың, еске салып өткенді алтын.
Тіледің таза жүрек, ақ көңілмен
Болсын деп баяғыдай жүзің жарқын.
Ардақты ер! Ұмытылмас еткен ісің,
Күні ертең айбынды алаш жинап есін,
Көксеген көп заманнан тілегіңді
Жарыққа шығаруға жұмсар күшін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

...ға өлеңінің авторы кім?

Мағжан Жұмабаев — осы өлеңнің авторы.

...ға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

...ға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағжан Жұмабаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

...ға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері