Қараңғылық қоюланып келеді

Бұл бетте «Қараңғылық қоюланып келеді» атты Мағжан Жұмабаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Қараңғылық қоюланып келеді,
Пеш ішінде шоқ ақырын сөнеді.
Қызық көріп жанымдағы жас бала
Сөнген шоқты үреді де күледі.
Шоқ үстінен кішкене ұшқын ұшты да,
Біразырақ шоқ қызара түсті де,
Дереу сөніп, тезірек күлге айналды,
Астындағы ыстық күлді құшты да.
Пеш ішінде шоқ ақырын сөнеді,
Сөнген шоқты үріп бала күледі.
Ой басты ма? Әлде көзім талды ма,
Мөлт-мөлт етіп көзіме жас келеді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қараңғылық қоюланып келеді өлеңінің авторы кім?

Мағжан Жұмабаев — осы өлеңнің авторы.

Қараңғылық қоюланып келеді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қараңғылық қоюланып келеді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағжан Жұмабаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қараңғылық қоюланып келеді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері