Баланың қабір тасына – Мағжан Жұмабаев

Бұл бетте «Баланың қабір тасына» атты Мағжан Жұмабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қайғырмаңдар бұл сәбиді өлді деп,
Жас қызыл гүл мезгіл жетпей солды деп,
Бақыты жоқ сорлы ата-ананың
Жанар-жанбас шамшырағы сөнді деп.
Өлгені емес, жерді тастап кеткені –
Шын бақытқа ерте бастан жеткені:
Ізгі оймен жайлы жаннат төрінен
Орын алып, Ата-анасын күткелі!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері