Бұл бетте «Көк теке» атты Мағжан Жұмабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 13.02.2024
- 0
- 1
- 2656
Айыр сақал көк теке
Деді де бір «Меке-ке!» –
Шықты секіріп қораға.
Жүрді басып алшаңдап,
Қарнын керіп талтаңдап,
Қаза айдаса, бола ма?
Керді теке көкірек,
Көрінді оған жақын көк,
Сүзейін деп ойлады.
«Меке-ке!» – деп кекірді,
Тұқырып басын, секірді,
Қора ішіне құлады.
Қорада айғыр тұр еді,
Мінілмеген құр еді,
Жаңа ұсталған үйірден.
Текені көріп дүрс еткен,
Бірдеңесі бырс еткен,
Тепті келіп бүйірден.
Қайтсін жануар, күйген соң,
Тастай тұяқ тиген соң,
Көк теке мал бола ма?
Айыр сақал көк теке,
Деді де бір «Меке-ке!» –
Қалды сұлап қорада.
Өлең өте күшті
Әдемі