Бүгінгі күн өмір, өлім – менікі

Бұл бетте «Бүгінгі күн өмір, өлім – менікі» атты Мағжан Жұмабаев жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Басы – сайран, сұм жалғанның соңы – ойран,
Адам өмірі – тағдыр ойыны. Біл де ойлан!
Есіл жастық ескен желдей гуілдеп,
Әлі-ақ кетер жүректен – от, күш – бойдан.
Көздің нұры кеміп, жақтар суалар,
Сүмбіл қара шаш селдіреп қуарар.
Ет таралып, сүйек қалып саудырап,
Тамырларда сасық сары су ағар.
Сұм тағдырдың емес пе бұл мазағы,
Аз өмірде естен кетпес азабы.
Жаты түгіл, жақынына жексұрын
болып, өзі тілесін деп қазаны!
Қылсын мазақ, мейлі тағдыр ойнасын,
Жалмауыз жер мейлі жұтсын, тоймасын.
Жансыз суық көзін қадап қу өлім,
«Тез» деп күтіп, тісін шықыр қайрасын.
Не қылса да, өлімнің өз еркі,
Жындандырад мені сұлу көркі.
Құшам, ішем, жынданамын, жылаймын,
Бүгінгі күн өмір, өлім – менікі!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бүгінгі күн өмір, өлім – менікі өлеңінің авторы кім?

Мағжан Жұмабаев — осы өлеңнің авторы.

Бүгінгі күн өмір, өлім – менікі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бүгінгі күн өмір, өлім – менікі өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Бүгінгі күн өмір, өлім – менікі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері