Бұл бетте «Қыс пен жаз» атты Әбділдә Тәжібаев жазған табиғат туралы өлең берілген.
03.02.2016
0
0
8120
Балқытып гүлді деміне
Сүйді жаз әбден беріле;
Әкетпек еді ұзатып
Өзінің жылы жеріне...
Қызғаншақ қыс келді де
Сілтеді суық қанжарын.
Жас жігіт қыршын өлді де
Қалдырып кетті жан жарын.
Құтырган шал құмартты,
Қызыға сүйді жас гүлді.
Бойына нәзік мұз қатты,
Үгілді гүл, төгілді.
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі