Сағындым
- 0
- 70
Абақтыда айдан, күннен жаңылдым,
Сарғайдым ғой, сар даламды сағындым.
«Қарашығым, құлыным!» деп зарлаған
Алыстағы сорлы анамды сағындым.
Бұл бетте «Жұлдыздарға» атты Мағжан Жұмабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қараңғы түн, сары дала,
Көрінбейді айнала.
Боран соғып тұр борап,
Жолды басқан құр сорап.
Хабарлама
INFO
Көктің сансыз көздері,
Алдамаңдар ойнақтап.
Шақырғанмен бара алман,
Бұлт, тез шық та, бетін жап!
Қара жерден кете алмас
Мен бір сорлы байлаулы:
Жердің жауыз желімен
Ерсіл-қарсыл айдаулы.
Амал не көнбей? Сонда да
Бір өкпем бар Аллама:
Сезгіш жүрек, ұшқыр жан
Неге бердің пендеңе?!
Жаратқан соң жерден сен,
Берсеңші жердей тыныш жан.
Болар іс болды. Сұраймын:
Не дейді, білдір, бұл аспан?!
Сол
Қарақшымын