Көкшетау – Мағжан Жұмабаев

Бұл бетте «Көкшетау» атты Мағжан Жұмабаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Аспанменен тірескен,
Тәңіріменен тілдескен
Көкшетауым біп-биік.
Қою қара көк бұлт
Жайнап, ойнап, құлпырып,
Көкшетауды тұр сүйіп.
Көкшетаудың көзі жас,
Ылғи мең-зең, айнымас
Қалың тұман мұнардан.
Инелік өтпес жіп-жиі,
Оқтан түзу тал бойы
Қарағайға оралған.
Әлдеқайда, биікте
Төніп төмен – киікке,
Қанды көзді қыран жүр.
Мен де Мұса болар ем,
Тілдестірсе Тәңірімен,
Көкше маған болып Тор1.
Құшам Мұса аяғын,
Өлеңім – ізгі таяғым,
Көкшеге мен де шығамын.
Аяқ басып Арсыға 2,
Жүгіріп барып қарсына,
Тәңірінің тілін ұғамын.


1 Тор – тау аты.
2 Мұсылмандық ұғым бойынша Алланың тағы.


Пікірлер (5)

НұрайЗалғараева

Бұл жақсы өлең екен өзім кзо нікімін

НұрайЗалғараева

Мен ғана көріппін

Саматұлы Қайрат

Көкшетау ????????????????????????????????????

Айдана

Өте күшті екен

Айдана

Күшті екен өлең

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көкшетау өлеңінің авторы кім?

Мағжан Жұмабаев — осы өлеңнің авторы.

Көкшетау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көкшетау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағжан Жұмабаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көкшетау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері