Махаббат не
Бұл бетте «Махаббат не» атты Мағжан Жұмабаев жазған махаббат туралы өлең берілген.
-
admin
- 14.02.2024
- 0
- 3
- 11739
Махаббат – бір тікенек,
Жүрекке барып қадалар.
Бақытсыз ғой бұл жүрек,
Тамшылап одан қан ағар.
Тез жазылмақ бұл жара,
Бал тілімен сүйсе жар.
Сүймесе жар, дариға,
Өлер жүрек, қансырар.
Махаббат – бір тәтті у,
Ішер жүрек, болар мас.
Дүниедегі у мен шу
Мас жүректі оятпас.
Махаббат – бір тәтті у,
Ішер жүрек, төгер жас!
Zaynab
Ахах сикисай
Өте жақсы но ужасный солнечный боп тұрама қалай бірақ но шындық кейде қалың арпа ішіндегі бір бидай неге шындық күресінде жұрттың бәрі тымпипай ұлттсыздық ұрықсыздыққа шын мінез көрсетпесе қырғидай жырбикүл жырбибай