Əдеп –жақсы əдет – Серікбай Оспанов

Бұл бетте «Əдеп –жақсы əдет» атты Серікбай Оспанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Түнде көзі ілінбейді,
Қорқақ бала дірілдейді.
Жылаумен күн батырады,
Жылауықтар бақырады.

Өкпешілдер тыржыңдайды,
Қырсық бала қыржыңдайды.
Сабақ білмес сипақтайды,
Өтірікші қипақтайды.
Өсекшілер сыбырлайды,
Ұрыншақтар жыбырлайды.
Бақырмай-ақ, шақырмай-ақ,
Тыржыңдамай,
Қыржыңдамай,
Сипақтамай,
Қипақтамай,
Сыбырламай,
Жыбырламай,
Қандай ғажап ақыл қонса,
Жақсы əдетке жақын болса!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Əдеп –жақсы əдет өлеңінің авторы кім?

Серікбай Оспанов — осы өлеңнің авторы.

Əдеп –жақсы əдет өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Əдеп –жақсы əдет өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серікбай Оспанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Əдеп –жақсы əдет өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері