Көгершінім – Серікбай Оспанов

Бұл бетте «Көгершінім» атты Серікбай Оспанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Доспыз біздер қанша жылдан,
Оған күнде шашамын дəн.
Сипалаймын мойынынан,
Аяғының шашағынан.
Маған əбден сеніп болды,
Жалғыз қалсам, серік болды.
Көгершінім сағынған-ау,
Қасыма, əне, келіп қонды.
Зияны жоқ оның жанға,
Ол ереді соңымнан да.
Жолымнан да тосып алып,
Дəн жейді кеп қолымнан да.
Тоңбасын ол жауындарда,
Аман қалсын дауылдарда!
Терезеден еніп қонды ол
Кеудеме мен ауырғанда.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көгершінім өлеңінің авторы кім?

Серікбай Оспанов — осы өлеңнің авторы.

Көгершінім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көгершінім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серікбай Оспанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көгершінім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері