Бақытсыз деп санасын – Мейрам Булаткеров

Бұл бетте «Бақытсыз деп санасын» атты Мейрам Булаткеров жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Әсем көзін көздеріме қадаса,
Тулап жүрек дүрсіл қағар жаңаша.
Бақытым деп көрсетемін бір қызды,
Мені біреу бақытсыз деп санаса.

Сұлулығы керек емес мың қыздың,
Жүрегіме жалғыз жанды кіргіздім.
Бақытымның көргің келсе бейнесін,
Күлкісінен іздеу керек бір қыздың.

Бақытыма қызыққанда кей адам,
Қорғап өтем, қызғанамын мен одан.
Ол қыз мені бақытым деп санаса,
Мен өзімді бақыттымын дей алам.

Мені бәрі өсектесін, таласын,
Іздемеймін сұлу қыздың жанасын.
Бақытымды көрсетпеймін ешкімге,
Мейлі, бәрі бақытсыз деп санасын.


Пікірлер (2)

Erdauletuly_Kydyrali

Жарайсың бауырым керемет шығыпты ????

nonibakyt

Керемет жазылған!

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бақытсыз деп санасын өлеңінің авторы кім?

Мейрам Булаткеров — осы өлеңнің авторы.

Бақытсыз деп санасын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бақытсыз деп санасын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мейрам Булаткеров өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бақытсыз деп санасын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері